427,15 517.06 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Венеция туристерді қабылдауға кірісті

  • 286
  • UPD: 15:09, 15.06.2020
Венеция туристерді қабылдауға кірісті

Аймақта шектеу шаралары жеңілдетілгеннен бері өңірге біртіндеп шетел азаматтары ағыла бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір шіркеу мен мұражайлардың алдында ұзын сонар кезек түзілген. Мамандар келген қонақтардың дене қызуын тексеріп отырады. Шаһардың қоғамдық тамақтану орындарында да адамдардың қарасы қалың. Жақында 300 жыл тарихы бар әйгілі «Флориан» кафесі де ашылмақ. Бұл Италиядағы алғаш болып ашылған көне кафелердің бірі.

Айта кетейік, Италияда соңғы тәулікте коронавирустан 78 адам көз жұмды. 346 адам науқастардың қатарына қосылды.

Хабар 24 телеарнасы