425,99 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өзбекстанда халықаралық әуе байланысы жанданды  

  • 421
  • UPD: 22:34, 15.06.2020

Өзбекстан бүгіннен бастап бірнеше мемлекетпен әуе байланысын жандандырады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Халықаралық әуе рейстері эпидемиологиялық ахуалы жақсы деп танылған елдерге ұшатын болады. Арнайы республикалық комиссия осындай шешім қабылдап отыр.

Жасын Біркенов, тілші:

– Өзбекстан халықаралық әуе байланысын «жасыл», «сары» һәм «қызыл» рейстер деп үшке бөлді. Әуелі Жапония, Оңтүстік Корея, Қытай және Израильға ұшақтарын жіберіп, осы елдерден келетін рейстерді қабылдауға дайын. Бұл мемлекеттердегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай тұрақты болғандықтан, әуе қатынасын бірінші кезекте осы елдермен жандандырмақ ниетте. Сондай-ақ, Өзбекстан Еуроодақ, Малайзия, Таиланд пен Сингапур үшін де әуе кеңістігін ашуға әзір. Алайда осы елдерден келген жолаушылар 14 күнге үйдегі карантинде жатуы міндетті. Ал БАӘ, Түркия, Иран, Ауғанстан, Ресей мен ТМД елдерімен қалпына келетін әуе байланысы «қызыл» рейстер сапына жатқызылады. Сол себепті осы шет елдерден келген азаматтар карантин орталығында екі апта өткізеді. Өзбекстаннан алғашқы рейс қашан ұшатыны әзір белгісіз. Елде карантин талаптары жеңілдетіліп жатқанын да айтқан жөн. Сонымен қатар бүгіннен бастап ел ішінде қатынайтын теміржол бағыттары көбейді. Ташкенттен Бұқара, Термез, Хиуа, Нүкіс, Самарқан секілді қалаларға пойыздың жүруіне рұқсат берілді.

Авторы: Жасын Біркенов

Хабар 24 телеарнасы