426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ЕО елдері ішкі шекараларын ашты

  • 284
  • UPD: 09:59, 16.06.2020
ЕО елдері ішкі шекараларын ашты

Еуроодақ елдері ішкі шекараларын ашқаны сол-ақ екен үш айға жалғасқан карантиннен кейін Бельгияның Брасселс Эйрлайнс әуе компаниясы алғашқы жолаушыларын Испанияның Мадрид қаласына жеткізді.

Жалпы бір күннің ішінде Брюссель әуежайынан 4 мыңдай жолаушы Рим, Берлин, Лиссабон, Будапешт және Марсель шаһарына аттанды. Бұл өткен жылы маусым айында әдетте бір күнде сапарға шығатын жолаушылар санынан 6 есе кем. Билеттердің бағасы да карантинге дейінгіден сәл жоғары. Жолаушылар мен бортсеріктер сапар барысында бетперде тағып, бір біріне жақындамауы тиіс. Ұшақтарда орнатылған арнайы фильтрлер үш минут сайын ауаны тазартып тұрады. 

Арно Фейст, Брюссель әуежайының бас директоры:

- Соңғы бірнеше ай бүкіл авиация саласына ауыр тиді. Әуежаймыздағы рейстер саны 99 процентке қысқарды. Қазір жолаушыларды қуана қарсы алып жатырмыз. Бүгін 60 рейспен 4000 адам аттанады, күн сайын жолаушылардың саны арта береді.  

Дитер Вранкс, «Brussels Airlines» әуе компаниясының бас директоры:

- Біз лайнерлеріміздің ішінде ауаны өте тиімді тазартатын фильтрлер орнаттық. Бірақ қазір кәсібіміздегі жағдай мүлдем өзгеше. Алғашқы екі күнде әдеттегі рейстеріміздің тек 10 процентін жібере аламыз. Ал жазда бұл көрсеткіш тек 40-50 процентке өседі.  

Мостафа Гадуан, жолаушы:

- Әуежайдың ашылуы экономикаға және әуежай қызметкерлері мен осында жұмыс істейтін компанияларға сәл де болса дем береді. Сондай-ақ демалғысы келетін адамдардың тынысын ашады. Мәселен, тынбай еңбек еткен медиктерімізге.

Хабар 24 телеарнасы