Лондонда ұзақ карантиннен кейін бөлшек сауда дүкендері ашылды. Хайуанаттар бағы мен ашық аспан астындағы ойын-сауық орындары да қайта іске қосылды.
Сондай-ақ шіркеулердің де жұмысы жандана бастады. Бірақ тек жеке құлшылық етуге рұқсат беріледі. Және әлеуметтік қашықтықты сақтау қажет. Бұдан бөлек тұрғындар қоғамдық көлікте бетперде киіп жүруі тиіс.
Айта кетейік, Ұлыбритания маска киюді міндеттеген соңғы елдердің бірі. Бұған дейін ел үкіметі маскалардың коронавирус жұқтырудан қорғайтыны туралы дәлел жоқ деп келген еді.