Италия мен Словения арасындағы шекара қайта ашылды. Коронавирус салдарынан екі ел арасындағы шекара үш айға жуық жабық болды.
Көршілес қалалардың басшылары жаяу жүргіншілердің бір елден екінші елге өтуіне тыйым салатын жол белгісін алып тастады. Ал жұмысшылар қозғалысқа бөгет болған шекаралық қоршауды алды. Айта кетейік, 2004 жылдан бастап Словения мен Италия арасында шектеулер болған жоқ. Өйткені қос мемлекет Еуропалық Одақтың көптеген елдеріне сапарлауға рұқсат беретін Шенген келісімінің мүшелері болып табылады.