418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нигерияда лаңкестік шабуылдан қырық адам қаза тапты

  • 184
  • UPD: 13:36, 16.06.2020
Нигерияда лаңкестік шабуылдан қырық адам қаза тапты

Нигерияда атышулы «Боко Харам» ұйымы лаңкестік әрекеттерін жиілетіп жіберді. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, жақында ұйым өкілдері Борно штатындағы 3 елді мекенге баса көктеп кіріп, шабуыл жасаған.

40 адам мерт болды. Арасында әскерилер де бар. Лаңкестер аймақ тұрғындарына тәртіп сақшыларымен байланысып, гуманитарлық көмек қабылдауға тыйым салды. Содырлар «сөздеріне құлақ аспаған жағдайда шабуылдарын одан әрі жалғастырамыз» деп сес көрсеткен.

Айта кетейік, қанды оқиға БҰҰ кеңсесі орналасқан МангУно қаласында да болды. Онда елдің түкпір-түкпірінен жиналған 150 мыңнан астам босқын тұрады.

Хабар 24 телеарнасы