428,35 499,00 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қырғызстан премьерінің отставкаға кету себебі белгілі болды

  • 380
  • UPD: 15:20, 16.06.2020
Қырғызстан премьерінің отставкаға кету себебі белгілі болды

Қырғызстан Президенті Сооронбай Жээнбеков Премьер-министр Мухамедкалый Абылгазиевтің отставкасын қабыл алды.

Бірақ қазіргі үкімет жаңа министрлер кабинеті жасақталғанша қызметін атқара береді.

Еске сала кетейік, Қырғызстан премьер-министрі Мухамедкалый Абылгазиев кеше үкімет басшысы қызметінен бас тартты Оған мамыр айында радиожиілікті заңсыз сатуға қатысты жанжал түрткі болды.

Депутаттардың пайымдауынша, 200 мегагерц радиожиілік мобильді операторлардың біріне заңсыз сатылған. Халық қалаулыларының бірі оған премьер-министрдің қатысы бар деген пікір білдірген еді. Алайда Абылгазиев бұл айыпты мойындамай отыр.

Хабар 24 телеарнасы