418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Украина президентінің зайыбы екіжақты пневмониямен ауруханаға түсті

  • 190
  • UPD: 15:18, 16.06.2020
Украина президентінің зайыбы екіжақты пневмониямен ауруханаға түсті

Украина президенті Владимир Зеленскийдің жары Елена Зеленская екіжақты пневмония диагнозымен ауруханаға түсті.

Одан бұған дейін коронавирус анықталған еді. Қазіргі уақытта оның жағдайы тұрақты.

Ал Украина президенті мен балаларының тапсырған кезекті ПТР тесті теріс нәтиже көрсеткен. Зеленский әйелінен коронавирустық инфекцияның анықталуына байланысты оқшауланды.

Хабар 24 телеарнасы