420.79 509.00 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Әлемде COVID-19 жұқтырғандар саны 8 млн 200 мыңнан асты

  • 335
  • UPD: 10:14, 17.06.2020
Әлемде COVID-19 жұқтырғандар саны 8 млн 200 мыңнан асты

Әлемде коронавирус жұқтырғандардың саны 8 млн 200 мыңнан асты.

Бұл – Джонс Хопкинс университетінің мәліметі. 439 400 -ден астам науқас көз жұмды. Әдеттегідей науқастар саны бойынша АҚШ бірінші орында тұр. Статистикаға сүйенсек, бұл елде 2,1 млн адам індеттің ілмегіне ілініп, 116 мың 526 тұрғын көз жұмды. Сарапшылар дерт құрбандарының саны Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде қаза тапқан адам санынан асып түсті дейді. Мәселен, АҚШ-та Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде 116 мың  516 адам мерт болған екен. Алғашқы ондықта тағы Бразилия, Ресей, Үндістан , Ұлыбритания, Испания, Италия, Перу, Франция мен Иран тұр. Ал вирустың таралуын тежей алған аспан асты елінде індет қайта өрши бастады. Қазір вирус Қытай астанасы Бейжіңде қарқын алып барады. Аймақта мектептер жабылып, тұрғындар жаппай тестілеуден өте бастады.

Хабар 24 телеарнасы