418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Үндістан – Қытай шекарасында болған атыстан 20 адам қаза тапты

  • 413
  • UPD: 10:13, 17.06.2020
Үндістан – Қытай шекарасында болған атыстан 20 адам қаза тапты

Оқиғадан 20 үнді әскері қаза тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жергілікті ақпарат көздері Қытай тарапынан да зардап шеккендер бар деген мәлімет таратады. Алайда аспан асты елінің әскері  адам шығыны жоқ дейді. Белгілі болғандай, тараптар арасындағы қақтығыс Ладакх провинциясында өрбіді. Бұл – екі ел арасындағы даулы аймақ. Дели мен Бейжің бір-бірін заңсыз шекарадан өтіп, келісімді бұзды деп айыптап отыр. Айта кетейік, мұндай шиеленіс аймақта соңғы 45 жылда алғаш рет болып отыр. Бүгінде Үндістан мен Қытайды бақылау сызығы ғана бөліп отыр. Шекарадағы ахуал мамыр айында ушыға түскен. Ол кезде екі елдің жүздеген сарбазы жанжалдасып қалған.

Хабар 24 телеарнасы