429,37 504,00 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Space-X ғарышта Wi-Fi тестілейді

  • 313
  • UPD: 14:13, 17.06.2020
Space-X ғарышта Wi-Fi тестілейді

Илон Масктың SpaceX компаниясы ғарышта Wi-Fi-ды тестілеу үшін ерікті іздеп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жуырда жердің төменгі орбитасына  Starlink интернетінің 58 жер серігі жіберілді. Енді ғарышта SpaceX-тің 540 дана жерсерігі бар. Ал бұл бета-тестілеуді өткізу үшін мүмкіндік тудырады. Компания күзге дейін тағы 200-ге жуық осындай аппарат жібермекші. Илон Макстың айтуынша, ғарышта шағын ғана интернет болуы үшін 400 құрылғы жеткілікті. Одан да сапасы жақсы болу үшін кем дегенде 800 жерсерік қажет. Ал мамыр айында компания АҚШ-тың байланыс жөніндегі федералды компаниясына ғарышқа Starlink-тің 30 мың дана құрылғысын жіберу туралы өтініш жасады. Бета-тестілеу келер жылдың жазында басталмақ. Бірінші кезекте ғарыштағы желіге Солтүстік Америка елдерінің тұрғындары қосыла алады. Шараға  қатысу үшін SpaceX Starlink компаниясының сайтында кіріп өтініш қалдыру керек.

 

 

Хабар 24 телеарнасы