Франция астанасы Парижде медицина қызметкерлері ереуілге шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».
Наразылық акция тәртіпсіздікке ұласты.
Қара киім киген наразылар тәртіп сақшыларына тас пен бөтелке лақтыра бастаған. Көше бойындағы автокөліктерді аударып, дүкен сөрелерін қиратып тастады. Медицина саласының қызметкерлері биліктен жұмыс жағдайының жақсаруын талап етеді. Тәртіпсіздіктер бірнеше сағат бойы жалғасты. Жиналған жұртты тарату үшін полиция көз жасаурататын газ қолданған. Ақпарат көздері 30-ға жуық адам қамауға алынғанын хабарлайды. Әзірге жарақат алғандар жайлы ақпарат түскен жоқ.