423,09 498,90 5.57
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Германияда фермерлер наразылық шеруіне шықты

  • 288
  • UPD: 15:37, 17.06.2020

Неміс фермерлері Берлинге келіп, бір аптаға жалғасатын наразылық шарасын бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дәстүрге сай, шаруалар тракторларына мініп келді. Олар елдің ауыл шаруашылық саясатын өзгертуді талап етіп отыр. Қаржылық көмек сұрап, нарықта әділ бәсеке болғанын қалайды. Экологиялық таза өнімдерді шығаратын шаруашылықтарға қолдау көрсетуді талап етуде. Наразылық шеру Берлиннің ең әйгілі жері  Бранденбург қақпасының алдында өтіп жатыр.

Янн Хенингдеркс, фермер:

– Бізге саясаткерлердің құлақ асқанын қалаймыз. Бас қосып, барлық мәселемізді бірге талқылауымыз  керек. Фермерлердің мүдделерін ескерместен заңдар қабылдайды, сол үшін бір апталық шеру өткіземіз деп шештік. Үкіметке қойған талаптарымыздың бірі, тыңайтқыштар жөніндегі заңды қайта қарастырсын.

 

 

Хабар 24 телеарнасы