423,41 498,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Даулы жердегі қақтығыс: Қытай Тибетте әскери жаттығу өткізді

  • 305
  • UPD: 18:23, 17.06.2020

Қытай Тибеттегі Тангла жоталарында әскери оқу-жаттығу өткізді. Шара Үндістанмен қарым-қатынастың шиеленісуіне байланысты жүзеге асырылып отыр.

Еске сала кетейік, кеше Ладакх провинциясындағы Үндістан мен Қытай даулы шекарасында қақтығыс болып, 20 үнді жауынгері қаза тапты. Бірақ тараптар бір-біріне қару қолданып, оқ атпаған. Сондықтан үнді сарбаздарының қалай көз жұмағаны белгісіз. Қытай қақтығыс кезінде қанша адамынан айырылғанын жарияламай отыр. Екі елдің даулы шекарасында көп адамның өліміне әкелген қақтығыс соңғы 45 жылда алғаш рет болды. Бейжің мен Дели бір-бірін шекараны бұзды деп айыптап отыр.

Хабар 24 телеарнасы