425.49 509.00 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Илон Маск планеталар арасында ұшуға арналған ғарыш айлағын салмақ

  • 338
  • UPD: 17:09, 17.06.2020
Илон Маск планеталар арасында ұшуға арналған ғарыш айлағын салмақ

Илон Маск өзінің SpaceX компаниясы Жердің айналасында және ғарыштық саяхаттар жасауға арналған жүзетін ғарыш порттарын салуға дайын екенін айтты.

Компания қазірдің өзінде алғашқы ғарыш айлағын салу үшін жұмысшылар жинауды бастап кеткен.

Ғарыш айлақтары арқылы Starship кемесімен Жердің айналасына, сондай-ақ Ай мен Марсқа коммерциялық рейстер жасалады.

Маск жүзетін ғарыш айлағы жағалаулардан бірнеше шақырым қашықтықта орналасатынын айтты. Жолаушылар оған қайықпен жеткізіледі.

Хабар 24 телеарнасы