430,57 515.14 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркия Ирактағы Күрдістан жұмысшы партиясына қарсы әскери операция жүргізді

  • 409
  • UPD: 07:58, 18.06.2020
Түркия Ирактағы Күрдістан жұмысшы партиясына қарсы әскери операция жүргізді

Ирактың солтүстігіндегі Хафтанин аймағында жүзеге асырылған шараға тікұшақтар жұмылдырылып, дрондар қолданылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Әл-Арабия» телеарнасы түрік күштерінің Синджар тауында 20-дан астам бомба тастағанын хабарлады. Алайда операция барысында қанша адамның қаза тапқаны жайлы ақпар жоқ.

Айта кетейік, Күрдістан жұмысшы партиясы Түркияда лаңкестік ұйым қатарына жатқызылған.

Хабар 24 телеарнасы