430,39 515.14 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ұлыбритания премьер-министрі Джонсон көлік апатына ұшырады

  • 484
  • UPD: 11:36, 18.06.2020
Ұлыбритания премьер-министрі Джонсон көлік апатына ұшырады

Ұлыбританияның премьер-министрі Борис Джонсон мінген көлік апатқа ұшырады.

Көлік жүріп келе жатқан кезде көшедегі наразылық білдірушілердің бірі кенет жол бойына шығып кеткен.

Салдарынан парламенттің жанына тоқтамақ болған Джонсон мінген көлік Range Rover полиция көлігімен соқтығысты.

Тәртіп сақшылары наразылық білдірушіні ұстады. Ал Джонсонның көлігі майысқан.

Премьер-министрдің жарақат алған-алмағаны туралы ақпарат әзірге жоқ.

Хабар 24 телеарнасы