421,58 498,90 5.57
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшелері тағайындалды

  • 246
  • UPD: 13:12, 18.06.2020
БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшелері тағайындалды

БҰҰ бас ассамблеясы Қауіпсіздік кеңесінің жаңа тұрақты емес мүшелерін тағайындады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Атап айтқанда Үндістан, Мексика, Ирландия, мен Норвегия аталмыш ұйымның қауіпсіздік кеңесінің 2021-2022 жылдары аралығында тұрақты емес мүшесі атанды. Бұдан басқа тағы бір мүшесі тағайындалуы керек-ті. Бұл орынға Кения мен Джибути елі таласты. Алайда екеуі де жеткілікті дауыс жинай алмады. Бос орынды толтыру үшін ұйымның Бас Ассамблеясы дауыс берудің екінші кезеңін бүгін өткізбек. Естеріңізге салайық, БҰҰ-ның қауіпсіздік кеңесіне 15 мүше кіреді. Олардың бесеуі – тұрақты мүшесі. Олар – Ресей, АҚШ, Қытай, Ұлыбритания мен Франция болса, қалған оны тұрақты емес мүшесі. Олар екі жылға ғана сайланады.

Естеріңізге салайық, Қазақстан БҰҰ қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде 2017 жылы сайланып, өз міндетін 2019 жылдың 1 қаңтарында аяқтады. Еліміз ұйымның Орталық Азиядағы алғашқы тұрақты емес мүшесі болды.

Хабар 24 телеарнасы