426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҰҰ: Әлемде босқындар көбейді

  • 257
  • UPD: 21:22, 18.06.2020
БҰҰ: Әлемде босқындар көбейді

БҰҰ әлемдегі босқындар саны артып, 80 миллионға тақағанын хабарлады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл дүние жүзінде тұратын халықтың бір проценті. 2010 жылы босқындар саны 41 миллион болатын. Соңғы 10 жылда дүние кезіп жүрген адамдардың саны екі есе өскен. Бұл әлемнің түрлі аймақтарында ұзақ уақытқа жалғасқан жанжалдарға байланысты болып отыр. Коронавирус пандемиясы бұл елдердегі жағдайды ушықтырып жіберді. Босқындардың үштен екісі – Сирия, Венесуэла, Ауғанстан, Мьянма және Оңтүстік Судан мемлекеттерінің азаматтары. Босып жүргендердің 73 проценті Еуропаны емес, көрші елдерді паналап жүр.

 

Хабар 24 телеарнасы