418,90 492,14 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бразилияда коронавирус жұқтырғандар саны миллионға жуықтады

  • 181
  • UPD: 22:19, 18.06.2020

Бір тәулікте мұнда 31 мыңнан астам жаңа дерек тіркелді. 1200 адам қауіпті кеселден көз жұмды.

Сан-Паулу университетінің вакциналогия және инфекциялық ауруларды зерттеу саласының  маманы Элдера Накая Бразилияда COVID-19 жұқтырғандар санының артуын былай деп түсіндіреді. Бразилия Оңтүстік Америкадағы ең ірі мемлекеттердің бірі. Сондықтан бірінші коронавирусты елге сырттан келген адамдар таратты. Дегенмен, індеттің өршуіне саяси аспектілер де себеп болуы мүмкін. Накаяның сөзіне қарағанда, Бразилия президенті жұқпалы аурудың қауіптілігіне сенбейді. Мұндай пікірге, Жаир Болсанарудың коронавирустың таралуына тосқауыл қою үшін елдегі сауда мен түрлі қызмет түрлерін шектеу шараларын сынға алуы негіз болған. Айта кетейік, жақында Бразилиядағы базарлардың жұмысы қайта жандана бастады. Сауда-саттық саласында нәпақасын тауып жүрген қарапайым халықты бұл жаңалық қатты қуантты.

Элейн Оливейра,  Рио-де Жанейро қаласының тұрғыны:

– Базарлардың ашылғаны дұрыс болды. Өйткені менің жұмысым саудамен тікелей байланысты. Бірақ қауіпсіздік шараларын да ұмытпаған жөн. Қалыпты өмірге оралып, барлығын қайта жаппау үшін карантин талаптарын қатаң сақтаған дұрыс.

Коронавирусқа қарсы вакцина сынағы басталды

Ресейде COVID-19-ға қарсы вакцинаның клиникалық сынағы басталып кетті. Әскери дәрігерлер оны алғашқы волонтерлерге екті. Ал ресми мәлімет бойынша, елде індеттің беті қайта бастады

Дана Нұржан, тілші:

– Бұл бәрі күткен жаңалық деуге болады. Ресейлік препаратты  Н.Гамалеи атындағы эпидемиология және микробиология Ұлттық зерттеу орталығымен бірлесіп Қорғаныс министрлігі сынақтан өткізетін болды. Вакцинаның екі түрі бар – біреуі сұйық, ал екіншісі ұнтақ дәрі. Бурденко атындағы Бас әскери госпиталде волонтерлердің алғашқы тобына вакцина егілді. Мамандар олардың жағдайын бақылап жатыр. Бірнеше күннен кейін вакцинаның қауіпсіздігі және адам ағзасының оған төзуі жөнінде алғашқы мәліметтер жиналғаннан кейін екінші топқа екпе жасау көзделіп отыр. Осыған дейін Гамалеи орталығының директоры Александр Гинцбург өзіне және бұл вакцинаны жасап шығарған мамандар өздеріне еккенін айтқан болатын. Осыдан кейін олардың барлығында қорғаушы антиденелер анықталды. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, препараттың алғашқы үлгілері биыл тамыз-қыркүйек айында шығуы мүмкін. Вице-премьер Татьяна Голикова вакцинаның өндірісін қыркүйек айында бастау жоспары бар екенін мәлімдеді.  Тұтынушылар құқықтарын қорғау қызметінің басшысы бірнеше препарат шығарылатынын ерекше айтып кетті.

Анна Попова, Ресей тұтынушылар құқықтары және адам амандығы саласын бақылау жөніндегі федералдық қызмет басшысы:

– Техникалық жағынан вакцинаны қашан шығарытынымызды айта аламыз. Бірақ оның адамға қаншалықты тиімді болатынын болжап айтуға болмайды. Ер жеткен адамдарға немесе балаларға қалай әсер ететінін. Бірақ бір препарат ғана емес, вакциналар мен дәрілердің жиынтығы болатынын нақты айта аламыз.

Ресми статистикаға сенсек, бүгін Мәскеуде соңғы екі айда ең аз науқас анықталды. Бір тәулікте коронавирусты 1040 адам жұқтырды. Ал бүкіл ел бойынша анықталған науқастардың саны 8 мыңнан аз. Бұл – 1 мамырдан бергі ең төмен көрсеткіш. Алайда бүгін бір қайғылы жаңалық жария болды. Алла Самойлованың мәлімдеуінше, Ресейде коронавирустан 500-дей медициналық қызметкер көз жұмды. Осы кезде біздегі бар мәлімет осы.

Антиденелерге жаппай тексеру жүріп жатыр

Қазір Ресейде жаппай тестілеу жүріп жатыр. Дәрігерлер арнайы сынама арқылы коронавирусқа антиденелердің бар- жоғын тексереді. Шамамен 650 мың адам осындай тест тапсырған. Олардың 14 процентінде COVID-19-ға иммунитет анықталды. Қазір тексерістен Мәскеу қаласынының тұрғындары өтіп жатыр. Алдағы уақытта Ресейдің тағы 47 өңірін жаппай скрининг бағдарламасына қосу жоспарланған.

Ел үкіметі COVID-19-дан қайтыс болғандарды еске алды

Швецияда COVID-19 пандемиясы басталғалы 5 мың адам көз жұмды.  Бұл көрші мемлекеттерге қарағанда әлдеқайда көп. Пандемия басталғанда Швеция билігі қатаң карантин енгізбеу туралы шешім қабылдаған болатын. Бұл халық арасында ортақ иммунитет қалыптастыру үшін жасалған еді. Бірақ кейін  Швецияның бас эпидемиологы бұл шешіміне өкінген сыңай танытты. Маусымның басында Андерс Тегнелл «Коронавирусқа байланысты бізде қазіргідей ақпарат болғанда, Швеция індетпен күрестің басқа жолын таңдар еді» деп айтқан болатын.  Мүмкін бұл инфекция жұқтырғандар санын азайтар ма еді белгісіз. Ал бүгін ел парламенті осы коорнавирустан көз жұмғандарды еске алып, бір минут үнсіздік жариялады.

Андреас Норлен, Швеция парламентінің спикері:

– Біз COVID-19 инфекциясынан қаза тапқандарды әрдайым есте сақтаймыз. Ал олардың туыс-туғандарына, қайғырып, көңіл айтамыз. Пандемия салдарынан денсаулығынан, жұмысынан айрылығандар үшін де қазір оңай емес. Бірақ бұл дертпен күресті жалғастырмас бұрын, біз сіздермен біргеміз дегім келеді.

Авторы: Ғазиза Мұхамеджанова

Хабар 24 телеарнасы