417,02 504.70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Фин бұғазында 1935 жылдан бері алғаш рет дельфиндер пайда болды

  • 407
  • UPD: 10:04, 19.06.2020
Фин бұғазында 1935 жылдан бері алғаш рет дельфиндер пайда болды korrespondent.net

Алдымен дельфиндерді балалар көрген, кейіннен ересектер де бұл құбылысқа куә болып, оны әлеуметтік желіде таратқан.

Фин бұғазында, Петербургтен шамамен 35 шақырым жерде дельфиндер тобы анықталды, деп жазады korrespondent.net.

Мамандар Фин бұғазында дельфиндерді 1935 жылдан бері ешкім көрмегенін айтады.

Себебі 1935 жылдың 14 маусымында қазір Репино деп аталатын ауыл маңында ақбас дельфиннің өліксесі табылған екен.  

Хабар 24 телеарнасы