418,90 492,14 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ Қытаймен байланысты үзуі мүмкін екендігін ескертті

  • 220
  • UPD: 14:09, 19.06.2020
АҚШ Қытаймен байланысты үзуі мүмкін екендігін ескертті

Америка Құрама Штаттары Қытаймен толықтай байланысын үзе алады. Бұл туралы Ақ үй басшысы Дональд Трамп твиттердегі парақшасына жазды.

«Мүмкін мен ойымды дұрыс жеткізбеген шығармын, бірақ АҚШ саясаты қажет болған жағдайда Қытаймен байланысын үзе алады» дейді Трамп.

Соңғы кездері Вашингтон мен Қытай арасындағы қарым-қатынас ушығып барады. Бұған Гонконгтағы жағдай мен әлемді әбігерге салған коронавирус себеп. АҚШ тарапы Қытайды Гонконгтің қауіпсіздігіне қатысты заң жобасына байланысты қатаң сыңға алған еді. Сондай-ақ коронавирустың тарап кетуіне Бейжің кінәлі деген мәлімдемелер жасаған. Қытай болса Гонконгқа қатысты елдің ішкі мәселесіне Ақ үйдің араласпауын сұрап, эпидемияға қатысты сынның орынсыз екенін айтты.

Хабар 24 телеарнасы