423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шри-Ланкада су асты мұражайы ашылды

  • 338
Шри-Ланкада су асты мұражайы ашылды

Шри-Ланканың Галле қаласында су асты мұражай ашылды.

Бұл музейді 15 метр тереңдікте елдің әскери-теңіз флоты салды. Кешенді тәжірибелі сүң-гуірші флот адмиралының орынбасары Пиял де Силва ашты. Енді дайвингпен айналысатын туристер балықтарды тамашалаумен қатар су астындағы мұражайға да бара алады.

Голландиялық ескі қамалы бар Галле қаласы елдің туристтік орталығы саналады. Ал кезінде Цейлон деп аталған бұл арал әсем табиғаты үшін Жер бетіндегі жұмақ деген атауға ие болған еді. Былтыр бұл елге 2 миллионнан аса шетелдік турист келген болатын. Елдің жалпы ішкі өнімінде туризмнің үлесі 11 процент. Алайда коронавирус пандемиясына байланысты наурыз айында шекаралар жабылып, ел миллиардтаған доллар табысынан айырылды.

Шри-Ланкада коронавируспен 1947 адам ауырып, он бірі қайтыс болды. Үкімет 1 тамыздан бастап туризм саласын қайта жандандыруды көздеп отыр.

Хабар 24 телеарнасы