419,02 492,14 5.75
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-та фитнес-залда пластик қоршаулар орнатылды

  • 225
АҚШ-та фитнес-залда пластик қоршаулар орнатылды

АҚШ-тың Калифорния штатында бір фитнес-залда пластик бокстары орнатылды.

Бұл – коронавирус індеті кезінде өз клиенттерінен айырылмау үшін қабылданған шара. Клуб иелерінің пікірінше, бұл қоршаулар вирустан толық қорғамаса да, мұнда келген жұрт өзін қауіпсіз сезінеді. Сондай-ақ әрбір тренажердің қасында арнайы спрейлер бар. Жаттығу бастамас бұрын қоршаудың іші мен айналасындағы заттарды онымен тазалауға болады. Фитнес жаттықтырушылары да маска тағып сабақ береді.

Пит Сэпсин, фитнес-клуб иесі:

– Жұбайым залда қоршаулар орнатуға кеңес берді. Алғашында бұл ойы маған ұнаған жоқ. Бірақ ол суретін салып көрсеткеннен кейін, оны істеп көрейік дедім.

Хабар 24 телеарнасы