423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мексика коронавирус жұқтыру дерегі бойынша антирекорд орнатты

  • 345
Мексика коронавирус жұқтыру дерегі бойынша антирекорд орнатты Известия

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 5 мыңнан астам адам індет жұқтырған, 667 науқас қайтыс болды.

Мексиканың миллиондаған халқы наурыз айынан бастап карантинде. Ал маусым айынан бастап дүкендер, фабрикалар, кеңселер өз жұмысын қайта жандандырды. Алайда індетке шалдыққандар саны күн сайын өсіп келеді. Жергілікті тұрғындар карантиннің салдарынан экономикалық дағдарыстан қауіптенеді.

Маргарита Санчез, жергілікті тұрғын:

– Мен моншада жұмыс істеймін. Сол айлықпен жан бағып отыр едік. Алайда 23 наурыздан бері жабық тұр. Яғни қазір жұмыс жоқ. Бизнесім жабылып қалды, қашан ашылатыны белгісіз. Ал үйде науқас анам бар, оның жағдайына да алаңдаулымын.

Ал Бразилияда коронавирусты жұқтырғандардың саны миллионнан асты. Енді бұл ел АҚШ-тан кейін әлемде COVID-19 оқиғаларының саны бойынша екінші орында.

Бразилияда пандемия басталғаннан бері барлығы 50 мыңнан астам адам қаза тапты. Індеттің бастапқы ошағы – Сан-Паулу штаты. Онда коронавирус жұқтырған 200 мыңнан астам адам тіркеуге ілінді. Рио-де-Жанейрода 100 мыңға жуық адам індетке шылдыққан.

Санто Ванзиллотта, жергілікті тұрғын:

"Бұл індетпен ешкімнің ауырғанын қаламаймын. Коронавирус өте қауіпті. Ауруханада болғанымда дәрігерлер вирустың  қаншалықты қауіпті екенін айтты.

Хабар 24 телеарнасы