423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Тәуекелге бел буды: Киевтегі көрмеге жүз мыңнан астам адам келмек

  • 425
  • UPD: 23:12, 20.06.2020

Жануарлар мүсінінен жасалған жасыл көрме Киевте ашылды. 3D форматындағы сафари бағынан жабайы аңдардың алуан түрін тамашалауға болады. Барлық мүсін адам қолынан шыққан. Бұл жерге бір ай бойы 100 мыңнан астам көрермен келеді деп күтіледі. Қазір Украина билігі карантиннен шығудың төртінші кезеңіне кірісті. Үкімет қаулысы бойынша енді халық балалар алаңы мен саябақтарда серуендей алады.

Украинада коронавирус жұқтырған адам саны 35 мыңға жуықтады, індеттен 985 адам көз жұмған. Украина билігі карантиннен шығудың бес сатысын жоспарлаған еді, жаз басталғалы төртінші кезең іске қосылды: әуе байланысы жанданып, ел шекарасы шетелдіктер үшін ашылған. Киев тұрғындарын, саябақтар мен ондағы түрлі көрмелердің және ойын алаңдарының ашылғаны қуантады. Дегенмен, дезинфекция, маска және дистанция тәртібі барлық жерде қатаң сақталуда.

Денис Погорелко, көрме ұйымдастырушысы:

- Ұзақ уақыт бойы елдегі саябақтар жабық болды. Қазір олар ашылып, жұмыс қалпына келе бастады. Дегенмен, біз арақашықтық, температура өлшеу сынды тәртіпті сақтайтын боламыз. Паркке маскамен ғана кіруге рұқсат және кіреберісте санитайзерлер қойылған. 

200 мыңнан астам түрлі гүлдер мен 3D форматындағы жануарлар мүсіні Киевте карантиннен кейінгі ашылған ең алып сафари көрмелерінің бірі. Мұнда жабайы табиғаттың жануарлары мен құстарын тамашалауға болады. Ең әсерлісі, барлығы адам қолымен жасалған таза еңбек, хэнд-мейд.

БЛИЦ

Татьяна, Киев қаласының тұрғыны:

- Қараңызшы, жануарлар мүсіні қалай дәл жасалған. Қолмен істелген еңбек екені бірден көрінеді. Өте шынайы.

Галина, Киев қаласының тұрғыны:

- Айнала кең, таза ауа. Әзірше өте ұнап тұр. 

Жануарлар мүсінінен жасалған жасыл көрме бір ай бойы жұмыс істейді. Осы уақыт аралығында жүз мыңнан астам адам келеді деп күтілуде. Елдегі эпидемиологиялық жағдай асқынып, қатаң карантин қайта күшіне енген болса, көрме онлайн трансляцияға көшетін болады.

Авторлары: Аида Қыдырбай, Петро Борейко

Хабар 24 телеарнасы