418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еуроодақ Ресейге қарсы санкция мерзімін ұзартты

  • 189
  • UPD: 21:57, 20.06.2020

Украинадағы қақтығысты реттеуге арналған Минск келісімі бойынша кешенді шараларды іске асыру аясында Еуроодақ Ресейге салған санкцияны тағы алты айға ұзартты.

Бұл туралы Еуроодақ елдерінің мемлекет және үкімет басшыларының бейнеконференциясында Германия канцлері Ангела Меркель мәлімдеді.

Естеріңізге сала кетейік, 2014 жылы Еуроодақ Украинадағы оқиғаларға және Қырымның Ресейге қосылуына байланысты Ресей Федерациясына қатысты санкциялар енгізді. Шектеу шаралары бірнеше рет кеңейтіліп, ұзартылды.

Ангела Меркель, Германия канцлері:

- Германия мен Франция Минск келісімін жүзеге асыру жөнінде келіссөздерді қорытындылады. Еуропалық кеңесте санкция тағы 6 айға ұзартуға шешім қабылдады.

Хабар 24 телеарнасы