418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Трамп: Туды өртегендер түрмеге қамалуы тиіс

  • 229
Трамп: Туды өртегендер түрмеге қамалуы тиіс

Мемлекеттік туды өртеген адам қатаң жазалануы тиіс, тіпті бірер жылға түрмеге қамалуы тиіс дейді АҚШ президенті Дональд Трамп.

Ол Талса қаласындағы кездесу кезінде өз ойын жұртқа жария етті. Айта кетейік, бірнеше күн бұрын Портлендте ереуілге шыққандар Джордж Вашингтон ескерткішін құлатып, кейін туға ораған күйі өртеп жіберген болатын.

Дональд Трамп, АҚШ президенті:

- Олар сөз бостандығы қажет дегенді айтады. Оған мен де қосыламын. Алайда соңғы күндері болған оқиғалар нағыз қорлау емес пе? Бұған заңдық тұрғыда тыйым салу керек. Яғни кімде-кім Америка туын өртеп жіберсе, ол міндетті түрде бір жылға бас бостандығынан айырылуы тиіс.

Хабар 24 телеарнасы