426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оңтүстік Корея энергия көздерін дамытуға 10 млрд 800 млн доллар көлемінде инвестиция салмақ

  • 308
Оңтүстік Корея энергия көздерін дамытуға 10 млрд 800 млн доллар көлемінде инвестиция салмақ

Оңтүстік Корея жаңартылатын энергия көздерін дамытуға 10 миллиард 800 миллион доллар көлемінде инвестиция салуды көздеп отыр.

Үкіметтің жаңа жасыл бағыты ел Парламенті - Ұлттық Ассамблеяда талқыланды. Мемлекеттік бағдарлама 133 мың жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Қаражаттың жартысы жасыл энергия инфрақұрылымын құруға жұмсалады. Қазір Оңтүстік Кореяда өндірілетін энергияның 8 проценті жаңартылатын энергия көздерінен алынады. Үкімет осы көрсеткішті 10 және 20 жылдан кейін сәйкесінше 20 және 30 процентке дейін арттыруды жоспарлап отыр. Жаңа мемлекеттік бағдарлама аясында «ақылды» энергия жүйелері арқылы 7 өнеркәсіптік кластердегі көмірқышқыл газының шығарылуын азайтуға арналған жобалар іске қосылады. Сондай-ақ ескі жылу электр станцияларын жаңартылатын энергия көздеріне айналдыру жоспарлануда. Корея Республикасы Үкіметінің жасыл энергияны дамыту жоспары келесі айда ұсынылады.

Ким Де Гён, Азия даму банкінің консультанты:

- Үкіметтің жаңа баламалы энергия бағытында электр желілері инфрақұрылымын құруға аз көңіл бөлінеді. Бұрын біз энергия өндіретін және сататын энергетикалық алаң болатынбыз. Бұл платформа жасыл энергияны сатуға, электромобильдер саласын дамытуға мүмкіндік береді. Ендігі жерде жекелеген кәсіпорындар немесе ұйымдар, тіпті үйде отырған әйелдер де күн және жел электр станциялары арқылы өндіретін электр энергиясын тіке өздері сата алатындай нарық құру қажет.

Хабар 24 телеарнасы