418,52 493,00 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Италияда коронавирустан өлім-жітім едәуір азайды

  • 171
  • UPD: 09:37, 22.06.2020
Италияда коронавирустан өлім-жітім едәуір азайды

Италияда ақпан айының соңында алғаш рет коронавирустан қайтыс болғандардың саны күрт азайды. Соңғы бір тәулікте індеттен 24 адам көз жұмған.

Айта кетейік, Апеннин түбегінде жұқпалы вирус тарай бастасымен індеттен күн сайын жүздеген адам қайтыс болған еді. Елде вирустан 1 мыңға жуық науқастың көз жұмған кезі де тіркелген. Бірақ мамыр айынан бастап індеттің таралуы бәсеңдеп, мемлекет карантинді жеңілдетуді қолға алған. Жалпы  Италия коронавирустан ең көп зардап шеккен елдің бірі. Бұл мемлекетте  239 мыңға жуық адам дертке шалдығып, аурудан 34 мыңнан астам адам көз жұмған.

Хабар 24 телеарнасы