433,40 515.14 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Дубай шетелдік турист қабылдауды бастайды

  • 473
  • UPD: 11:31, 22.06.2020
Дубай шетелдік турист қабылдауды бастайды

Дубай 7 шілдеден бастап шетелдік туристерді қабылдай бастайды. Бұл туралы осы әмірліктің үкіметі твиттердегі парақшасында хабарлады. Осыған байланысты індеттің таралуына жол бермес үшін түрлі шаралар қарастырылған.

Мысалы, саяхатшылар елге келе салысымен коронавирустан таза екенін айғақтайтын құжат көрсетуі тиіс. Немесе әуежайда вирусқа қарсы тест тапсыруы қажет.

Айта кетейік, Біріккен Араб Әмірліктерінде мамырдың 27-існен бастап дүкендер мен кинотеатрлар ашылып, спорт орталықтары қайта жұмыс істей бастады. Жалпы бұл елде коронавирусты жұқтырғандардың саны 45 мыңға жуықтаған. Дерттен 300 науқас көз жұмды.

Хабар 24 телеарнасы