419,66 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Сербиядағы парламенттік сайлауда А.Вучичтің партиясы жеңді

  • 359
  • UPD: 15:27, 22.06.2020
Сербиядағы парламенттік сайлауда А.Вучичтің партиясы жеңді

Сербияда парламенттік сайлау өтіп,,, президент Александр Вучич бастаған билеуші партия жеңіске жетті.

Алдын ала мәліметке қарағанда,  мемлекет басшысының партиясы сайлаушылардың 63 проценттен астамының қолдауына ие болған. Вучичтің өзі жеңіске жеткенін мәлімдеді. Президент партиясынан бөлек парламентке социалистер мен  бұрынғы спортшы Александр Шапичтің «Сербия үшін жеңіс» партиясы өтті. Бірақ бірқатар оппозициялық партия додаға қатысудан бас тартқан.

Айта кетейік, Сербияда парламенттік сайлау сәуірдің 26-сы күні өтуі тиіс еді. Бірақ елде індетке байланысты төтенше жағдай енгізіліп, саяси шара кейінге шегерілген.

Хабар 24 телеарнасы