417,87 496,90 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жапониядағы АҚШ әскери базасында өрт шықты

  • 190
Жапониядағы АҚШ әскери базасында өрт шықты

Жапониядағы АҚШ-тың Кадэна әскери базасында бүгін өрт шықты.

Оған не себеп болғаны белгісіз және өрттен зардап шеккендер туралы мәлімет түскен жоқ. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, өрт қауіпті заттар өңдеу орталығында шыққан. Окинава аралында орналасқан Кадэна – АҚШ-тың Қиыр Шығыстағы ең ірі әскери базасы. Ол 2 мың гектар жерді алып жатыр. Жалпы Окинава аралында 25 мың 800 америкалық жауынгер мен олардың 19 мың туысы тұрып жатыр. Окинава префектурасының әкімшілігі мен жергілікті халық үнемі АҚШ әскерінің қысқартылуын талап етеді.

Хабар 24 телеарнасы