425,99 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Солтүстік Корея 12 миллион үндеу парағын басып шығарды

  • 226
  • UPD: 09:31, 23.06.2020
Солтүстік Корея 12 миллион үндеу парағын басып шығарды

Солтүстік Корея оңтүстіктегі көрші елінің аумағында таратуға арналған 12 миллион үндеу парағын басып шығарды, деп хабарлайды «Хабар 24»

Бұл мақсатта арнайы құрал-жабдық пен 3 мыңнан аса әуе шарын дайындап қойды. Ал баспаханалары тағы да бірнеше миллион дана үгіт парағын шығаруға дайындалып жатыр. Өз кезегінде ресми Сеул Пхеньяннан бұл райынан қайтуды сұрап отыр. Әйтпесе, әскери құралдарының көмегімен дрондар мен әуе шарларды қағып түсіруге мәжбүр болады.

Ю Санхи, Оңтүстік Кореяның елді біріктіру жөніндегі министрлігінің өкілі:

- Оңтүстік Корея билігі 20 маусымда үндеу парақтарының таратылуы жөнінде өз ұстанымын жариялаған еді. Үкімет Солтүстік Кореяға қарсы үгіттейтін үндеу парақтары мен буклеттерді жіберуге барлық әрекетке бөгет қояды. Корея Халық демократиялық республика үкіметін Сеулге қарсы бағаттылған үндеу парақтарын тарату жоспарынан бас тартуды сұрап отырмыз. Бұл елдеріміз арасындағы қарым-қатынасты тек ушықтырып жібереді.

Осыған дейін ресми Пхеньян билігі Сеулмен барлық байланыс каналын үзетінін жария етті. Бұл Оңтүстік Кореядағы үкіметтік емес ұйымдардың Солтүстік Корея аумағына үндеу парақтарын жібергеніне жауап шара болды.

Хабар 24 телеарнасы