426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әлемде бір тәулікте КВИ жұқтырғандар саны рекордтық көрсеткішке жетті

  • 291
  • UPD: 12:51, 23.06.2020

Дүние жүзінде тіркеліп жатқан мәліметтер де жүректі дір еткізеді, деп хабарлайды «Хабар 24»

Әлемде соңғы бір тәулікте коронавирусты жұқтырғандар саны рекордттық көрсеткішке жетті. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәлімдеуінше,  соңғы бір тәулікте 183 мың адам қауіпті індетке шалдыққан. Олардың басым бөлігі Солтүстік және Оңтүстік Америкада тіркелген. АҚШ-та 37 мыңнан астам адам ауырса, Бразилияда вирусты 55 мыңға жуық тұрғын жұқытрып алған. Сарапшылар Бразилияда эпидемия тек бірнеше аптадан кейін ғана шырқау шегіне жетеді деген пікірде.

Фернандо Брум, коронавируспен күрес жөніндегі комитеттің директоры:

- Коронавируспен ахуал ушығып, бақыланбайтындай жағдайға жетті. Дертті жұқтырғандар саны күн сайын өсіп жатыр. Ауруханаларда науқастардың саны көбейді. Жағдай өте күрделі. Сондықтан адамдардан індеттен барынша сақтануды сұраймын.

Үндістанда да індеттің таралуы күшейді. Бұл мемлекетте соңғы бір тәулікте вирусты 15 мыңнан астам адам жұқтырып, дертке шалдыққандардың жалпы саны 410 мыңнан асқан. Мамандардың айтуынша, індеттің өршуіне биліктің 2 апта бұрын карантинді жеңілдете бастағаны себеп. Ал Оңтүстік Кореяда «Ковид-19-дың» екінші толқыны басталған сияқты.  Вирусқа шалдыққандар санының артуына байланысты Тэджонда мұражай, кітапхана, спортзалдар жабылып, шектеу шаралары қайта күшейтілді.

Хабар 24 телеарнасы