418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алтын глобусты табыстау рәсімінің уақыты анықталды

  • 183
  • UPD: 09:54, 23.06.2020
Алтын глобусты табыстау рәсімінің уақыты анықталды Esquire

Коронавирус эпидемиясына байланысты кино саласындағы «Алтын глобус» сыйлығын табыстау рәсімі кейінге шегерілді.  

Бұл туралы ұйымдастырушылар Twitter-де хабарлады.

Жыл сайын қаңтардың басында өтуі тиіс бұл іс-шара 2021 жылдың 28 ақпанында өтетін болды. Мұның алдында дәл осы күні «Оскар» сыйлығын табыстау рәсімі ұйымдастырылады делінген. Бірақ ол сәуір айына қалдырылды.

«Алтын глобус табысталатын 78-марапаттау рәсімі 2021 жылдың 28 ақпанында, жексенбі күні өтетіндігін қуана хабарлаймыз. Марапаттау рәсімі Калифорнияда, Беверли Хилтонда өтеді», – деп жазылған.

Хабар 24 телеарнасы