426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өзбекстанда мақта теруге мәжбүрлейтіндер жазаланады

  • 271
  • UPD: 14:42, 23.06.2020

Өзбек билігі ел ішінде мәжбүрлеп мақта тергізуді тыятын болды, деп хабарлайды «Хабар 24»

Зорлықтың көрінісі бар деп ойлайтын әлемдегі тоқыма компаниялары өзбектің «ақ алтынын» пайдалануға тыйым салған. Эмбаргоны шамамен 300-дей белгілі киім бренді қолдап отыр. Мәжбүрлеп жұмысқа жегу көрші елде 100 жылдан бері қалыптасқан тәртіп. Әдетте бұл шаруаға мемлекеттік және жеке ұйымдардың қызметкерлері, студенттер мен мектеп оқушылары тартылады. Енді Үкімет мәселені шешудің төте жолдарын ойлап тапты. Атап айтқанда, жергілікті билік азаматтық қоғаммен тығыз байланыс орнатып отыр. Мысалы, тәуелсіз институттардың мониторинг жасауы үшін олардың мақта алқаптарына еркін кіруіне мүмкіндік берілді. Сонымен бірге мәжбүрлеп мақта тергізгені үшін жауапкершілік күшейтілді. Халықаралық еңбек ұйымының пайымынша, 2016 жылы Өзбекстанда 450 мың адам еріксіз мақта теруге мәжбүр болса, былтыр бұл көрсеткіш 100 мыңға дейін төмендеген. Егер мақтаға салынған эмбарго алынып тасталса, онда өзбектің тоқыма экспорты екі еселенеді, дейді мамандар.

Эркин Мухитдинов, жұмыспен қамту және еңбек қатынастары министрінің бірінші орынбасары:

- Біз мәжбүрлеп жұмысқа жеккені үшін 289 атқамінерді жауапкершілікке тарттық. Олардың ішінде қала және аудан әкімдері бар. Биыл осыған байланысты жазаны күшейтіп отырмыз. Мысалы, халықты еріксіз мақта тергізіп қойған азаматтарға салынатын айыппұл екі есе өсті. Ал егер бір жылдың ішінде бұл заңды қайталап бұзатын болса, онда 2 жылға дейін бостандығын шектейміз. Кәмелет жасына толмаған балаларды жұмысқа салса, бұл жаза 3 жылға дейін ұзартылады.

Хабар 24 телеарнасы