417,87 496,90 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-та Рузвельттің мүсіні сүріле ме?

  • 176
  • UPD: 14:44, 23.06.2020

Нью-Йорк қаласының билігі Жаратылыс тарихы мұражайының алдындағы АҚШ-тың 26-шы президенті Тео-дор Рузвельттің ескерткішін алып тастайтын болды.

Оған музей басшылығының өтініші себеп. Өйткені аттың үстінде бейнеленген Теодор бір жақ жанында Американың байырғы Үндіс халқының бір өкілі мен екінші жағында афроамерикалық сомдалған. Музей өкілдері бұл ескерткіш нәсілшілдікке қарсы толқулар кезінде жағдайды ушықтыра түседі деп топшылаған. Айта кетейік, Теодор Руз-вельт АҚШ-та билік басына 1901-ші жылы келіп 1909-шы жылға дейін ел басқарған. Ал қоладан соғылған ескерткіш мұражай алдына 1940-шы жылы қойылған еді.

Хабар 24 телеарнасы