Чехияда су тасқынынан кемінде сегіз адам қаза болды.
Моравияда толассыз жауған жауын-шашын табиғи апатқа ұласты. Сенбі күні Петровице ауылының екі тұрғыны апаттың алғашқы құрбандары болды. Жексенбі күні сегіз жастағы мектеп оқушысы Фридек-Мистек қаласының маңындағы Моравка өзеніне батып кеткен.
Ал сейсенбіде екі әуесқой спортшы Чехия ауруханаларында қайтыс болды. Олардың қайықтарын өзен ағысы аударып жіберген.