422.87 509.00 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Трамп жыл соңына дейін визаның бірнеше түрін беруді тоқтатты

  • 288
  • UPD: 14:52, 23.06.2020
Трамп жыл соңына дейін визаның бірнеше түрін беруді тоқтатты

АҚШ президенті Дональд Трамп 2020 жылдың соңына дейін бірқатар виза беруді тоқтатты.

«Трамп коронавирус пандемиясы кезінде америкалық жұмысшыларды бірінші орынға қоюды қамтамасыз ету үшін жыл соңына дейін жаңа визалар беруді тоқтатады», - делінген Ақ Үй хабарламасында.

Атап айтқанда, грин-карталар, x H1-B, H-4, H-2B, L жұмыс визалары және J санаттарының құжаттарын беру уақытша тоқтатылды.

Сонымен қатар Трамптың бұйрығы келесі жылы да жалғасуы мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы