418,90 492,14 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Украинада карантин тағы қырық күнге ұзартылды

  • 165
  • UPD: 16:20, 23.06.2020

Пуща Водица – Киев тұрғындары жиі қатынайтын қаладағы суы мен орманы бар әдемі демалыс орны, деп хабарлайды «Хабар 24»

Елдегі карантинге қарамастан, мұнда қазір адам қарасы өте көп. Қала мэрі жағажайларда қыдыруға рұқсат етілгенмен, суға шомылуға қатаң тыйым салады. Алайда Киевтегі карантин ережесін бұзушылар бұл тәртіпті естімегендерін айтып ақталуда. Оның үстіне, Украинада апта басынан бері  40 градустық аптап ыстық, маска киіп жүру өте ауыр деп шағымданады тұрғындар.

Суға шомылушылар ғана емес дала кафелері, ресторан мен супер маркет және қоғамдық көлік әрі түнгі клубтарда да карантин тәртібі атап айтқанда, маска мен дезинфекция және дистанция тәртібін бұзушылар жетіп артылады. Осы себепті бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны екі есе, бір айдағы көрсеткіш бірден 80 пайызға артып отыр. Украинаның денсаулық сақтау министрлігі үкіметтен карантин тәртібін күшейтуді сұрайды.

Максим Степнов, Украинаның денсаулық сақтау министрі:

- Денсаулық сақтау министрілігі қатаң карантиннің сақталуын сұрайды. Ереже бұзушы мекемелер жұмысын тоқтатуы тиіс. Қоғамдық көліктегі жолаушылар маска тақпайды, супермаркетте әлеуметтік дистанция сақталмайды, түнгі клубтардағы жағдай асқынып барады. Бұлай жалғаса беретін болса, ауру асқына бермек.

Украинада бүгінде коронавирус жұқтырғандар саны 37 мыңнан асты, 1012 адам індеттен көз жұмған. Аурудың екінші толқынымен күресті күшейту  мақсатында ел билігі карантинді 31 шілдеге дейін ұзартып отыр. Бұл тәртіп бойынша: қоғамдық орындарда міндетті түрде маскамен жүру, оқу-ағарту мекемелеріндегі сыныптарда 10 адамнан артық бас қоспау, мәдени, ойын сауық, спорттық, діни және әлеуметтік іс-шараларда 5 шаршы метрде бір ғана адам тұруы міндеттеледі. 

Авторлары: Аида Қыдырбай, Петро Борейко

 

 

 

 

Хабар 24 телеарнасы