418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-та тұншықтыру әдісін қолданған полицей қызметінен шеттетілді

  • 178
  • UPD: 15:30, 23.06.2020
АҚШ-та тұншықтыру әдісін қолданған полицей қызметінен шеттетілді

Нью-Йорк полициясы басқармасы өз қызметкерлерінің бірін тұтқындау кезінде тұншықтыру әдісін қолданғаны үшін жұмыстан шеттетті, деп хабарлайды «Хабар 24»

Оқиға жағажайда болған. Патрульде жүрген бір топ тәртіп сақшысына 3 адам тіл тигізіп, ашуларын келтірген. Осыдан кейін тәртіп сақшыларының бірі аса дөрекілік танытқан афроамерикалықты ұстап, тұншықтырған. Тек әріптесінің сабырға шақыруынан кейін ғана адамды босатқан. Бұл оқиға полицейлердің киіміндегі бейнекамераға жазылып қалады. Қазір тергеу жүріп жатыр. 

Айта кетейік, Нью-Йоркте полицейлердің күдіктілерді ұстау кезінде тұншықтыру әдісін қолдануға тыйым салынған.

Хабар 24 телеарнасы