429,33 519.25 5.73
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Берлинде бұзақылар 40 дүкенді талқандады

  • 456
  • UPD: 16:18, 23.06.2020

Германияның Штутгарт қаласындағы тәртіпсіздіктер кезінде 40-тан астам дүкен талқандалған.

Бұзақылар сауда орындарының терезелерін ғана шағып қоймай, ондағы заттарды да тонаған. Кәсіпкерлер тәртіпсіздіктерден келген шығын көлемі миллиондаған еуроны құрайтынын айтады. Істі тергеу бойынша арнайы топ құрылды. 

Эйб Руссом, дүкен менеджері:

- Бұзақылар дүкенімізді тас-талқан етіп кетті. Олар біздің ғана емес, осы көше бойындағы көп дүкенді шағып, тонаған. Бұл нағыз жабайылық. Бұзақылар өз істерін алдын ала ұйымдастырды ма, жоқ па білмеймін.Бірақ мұндай қаскөйлікті алғаш көруім.  

Хабар 24 телеарнасы