Бішкектің Первомай аудандық сотында криминал Азиз Батукаевты заңсыз босату туралы іске сот үкімі шығып, Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаев сотталды, деп хабарлады 24.kg.
Алмазбек Атамбаев сотта сөз сөйлеуден бас тартты.
Бұған дейін прокурорлар оның мүлкін тәркілеумен қатар 15 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған болатын.
Талқылау бөлмесінен шыққаннан кейін сот Эмильбек Каипов Алмазбек Атамбаевтың мүлкін тәркілеп, өзін 11 жыл 2 айға бас бостандығынан айырды.