417,02 504.70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мексикада дүние есігін енді ашқан үшемнен COVID-19 анықталды

  • 393
  • UPD: 16:56, 23.06.2020
Мексикада дүние есігін енді ашқан үшемнен COVID-19 анықталды

Мексикада дүниеге келген үшемнен коронавирус табылды. Бұл туралы Sol de México газеті хабарлады.

Сан-Луис-Потоси штатында 17 маусым күні үшем (екі ұл мен қыз) дүниеге келді. Ережеге сәйкес жаңа туған нәрестелерден COVID-19 сынамасы алынды. Нәтижесінде үш баланың да коронавирус жұқтырғаны белгілі болды.

Елдегі денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мигель Анхельдің айтуынша, бұл – әлемде бұрын-соңды болмаған жағдай. Ал балалардың ата-анасында коронавирустық инфекцияның белгілері болмаған.

Қазіргі уақытта екі баланың жағдайы тұрақты, оларда COVID-19 белгілері жоқ. Бір нәрестеде індеттің белгілері байқалады.

Ата-анасы мен балалармен байланыста болған медициналық қызметкерлер оқшауланып, COVID-19-ды анықтауға арналған тест тапсырды.

Хабар 24 телеарнасы