418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ виза беруді тоқтату арқылы жұмыссыздықты жеңбек

  • 190
  • UPD: 19:54, 23.06.2020
АҚШ виза беруді тоқтату арқылы жұмыссыздықты жеңбек

АҚШ билігі биыл жыл соңына дейін бірқатар жұмыс визасын беруді тоқтатып, грин картаға шектеуін ұзартты.

Президент Дональд Трамп осындай үкімге қол қойды. Вашингтонның мұндай шешім қабылдауына коронавирустың таралу қаупі мен жұмыссыздықтың артуы себеп. Үкімет бұл шара жарты миллионға жуық американдықты жұмыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді деп отыр. Алайда бірқатар ірі компания Трамп шешімін сынға алды. Олар елде бірқатар мамандық иелерінің жетіспейтіндігін алға тартады.

Айта кетейік, Ақ үй бұған дейін де АҚШ-қа уақытша жұмыс істеуге келетін шетелдік мамандарға берілетін визаны беруді қатаңдатпақ болған.

Хабар 24 телеарнасы