423,41 498,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қытай мен Үндістан шекарада бейбіт болуға келісті

  • 247
  • UPD: 23:07, 23.06.2020
Қытай мен Үндістан шекарада бейбіт болуға келісті

Қытай мен Үндістан туындаған араздықты доғарып, шекарада бейбітшілік сақтауға келісті. Бұл туралы Қытай сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Чжао Лицзянь мәлімдеді.

Айтуынша, қос тарап дипломатиялық және әскери байланыс құралдары арқылы өзара қатынасып жатыр.  Екі ел арасындағы шекараның даулы бөлігінде қақтығыс болып, Үндістанның 20 сарбазы қаза тапқан еді. Қытай тарапы өз шығыны туралы мәліме жариялаған жоқ. Осы оқиғадан кейін екі елдің әскери өкілдері алғаш рет жоғары деңгейде кездесу өткізді. 

Чжао Лицзянь, ҚХР СІМ ресми өкілі:

- 22 маусымда Қытай және Үндістанның шекаралық әскерінің қолбасшыларының кездесуі өтті. Қос тарап шекараны бақылауға қатысты өзекті мәселелер бойынша ашық түрде пікір алмасып, өзара араздығын басуға бағытталған шаралар қабылдауға және шекарада бейбітшілік пен сабырлық сақтауға келісті.

Хабар 24 телеарнасы