417,87 496,90 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Барселонадағы опера театры өсімдіктердің алдында концерт берді

  • 153
Барселонадағы опера театры өсімдіктердің алдында концерт берді

Барселонадағы «Лисеу» опера театры карантиннен кейін алғашқы концерт берді.

Театр осы маусымдағы алғашқы қойылымын өсімдіктерге арнады. Партер мен амфитеатрдағы барлық орынды 2 мыңнан аса үй өсімдігі алып жатты. Ал әртістер Джакомо Пуччинидің «Хризантемалар» серенадасын орындады. Концерттен кейін бұл өсімдіктердің барлығы медицина қызметкерлеріне сыйға тартылды. Өнерпаздар індетпен күресте көзге түскендерге өз алғысын осылай білдірді.

Хабар 24 телеарнасы