426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еуроодақ Қытайға ескерту жасады

  • 621
Еуроодақ Қытайға ескерту жасады

Еуроодақ басшылары Қытайдан өзара саудадағы тепе-теңсіздікті жоюды талап етті.

Яғни олар мемлекет тарапынан қатаң реттелетін Қытай нарығын еуропалық компаниялар үшін ашылғанын қалайды. Әйтпесе бұл екі тарап арасында қарым-қатынастардың нашарлауына әкелетінін ескертті. Сондай-ақ мемлекеттік субсидиялар мәселесінде ашық саясат жүргізуге шақырды. Соңғы кезде Еуроодақ бірқатар қытайлық тауарларға баж салығын көтерген болатын. Өндірушілерге Қытай үкіметінен қаржылық демеу көрсетілетіндіктен мұны демпинг деп санаған. 

Шарль Мишель, Еуропалық кеңестің төрағасы:

- Қытаймен қарым-қатынасымыз қарқынды, күніне сауда айналымымыз орта шамамен бір миллиард еуродан асады. Еуроодақ Қытайдың ең ірі сауда серіктесі. Алайда осы қатынастарымызды теңестіру үшін көптеген тұстарын жетілдіру қажет. нарыққа кіру мүмкіндіктері, субсидиялар, мемлекеттік сатып алу және реттеу, бәріне тең жағдай жасау секілді мәселерді шешу керектігін айқын түрде жеткіздік.

Хабар 24 телеарнасы