Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон коронавирус індетіне байланысты қабылданған шектеулер жеңілдетілетінін мәлімдеді.
Елде қонақ үйлер мен мейрамханалар ашылатын болды. Сондай-ақ әлеуметтік ара қашықтық екі метрден бір метрге дейін қысқарады. 4 шілдеден бастап кинотеатрлар, галереялар, мұражайлар, саябақтар мен өзге де туристтік нысандар өз жұмысын бастайды. Дегенмен премьер-министр маска тағып, қолғап кию керектігін ескертті.
